Маңғыстау облысында Бейнеу ауданы прокуратурасы жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтарды анықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктері жалған екені анықталған.
"Ә. есімді педагог 2024 жылы наурызда SDU University университетінің (Алматы қ.) "Арнайы педагогика" мамандығы логопед-дефектолог біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы мектепте педагог-психолог лауазымында жұмыс істеген", — деп жазылған хабарламада.
Осыған ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталған.
Бұл әрекеттер үшін сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл тағайындалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз