Македонияда 7 күндік қаралы күн жарияланды

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Солтүстік Македонияда 7 күндік қаралы күн жарияланды. Түнгі клубтағы өрттен 59 адам қаза тапты. Осыдан соң, 15 күдікті тұтқындалды. Кочани қаласындағы клуб сенбіден жексенбіге қараған түні сағат 2 жарымда отқа оранған. Лапылдаған жалыннан 155 адам жараланған. Тергеудің алғашқы қорытындысына сай, ойын-сауық мекемесінің қызмет етуге лицензиясы болмаған. Сонымен қатар, мұнда өрт сөндіру мен жарық беру жүйесі дұрыс жұмыс істемеген. Ал ішкі істер министрлігінің дерегінше, өрттің шығуына тез жанатын материалдан жасалған төбеге от шашудың тиюі себеп болса керек.