Қазақ боксшылары әлем чемпионатынан үш алтын жүлде олжалады

Жаршы

16 наурыз күні әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Сербияның Ниш қаласында өткен бокс бәсекесінде қазақ боксшылары 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпы есепте екінші орынға тұрақтады , деп жазады Egemen.kz.

Әлем чемпионатындағы алғашқы алтынды 48 келіде Назым Қызайбай қоржынға салды. Назым Қызайбай финалдық айқаста Ресей өкілі Юлия Чумгалаковамен кездесті. Қос спортшы да рингтің ортасын бермеуге тырысып, аянып қалмады. Әйтсе де тәжірибелі Назым соққы алмасуда жылдамдық танытып, жекпе-жекті өз пайдасына шешті. Есеп: 5:0. Осылайша Париж Олимпиадасының қола жүлдегері араға алты ай салып, халықаралық додада алтын медаль еншілеп, ел тарихында үш дүркін әлем чемпионы болған алғашқы боксшы атанды.

Тарихи жеңістен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның жеңісін айтулы жетістік деп бағалап, құттықтады.

Екінші алтын жүлдені 50 келіде ел намысын қорғаған Алуа Балқыбекова еншіледі. Ол финалда Қытайдың жас боксшысы Ху Мэйимен шықты. Жерлесіміз кездесуді толықтай өз бақылауына алып, жылдамдық жағынан бір бас жоғары болды. Есеп: 5:0. Осылайша, Алуа Балқыбекова алғаш рет әлем чемпионатының бірінші тұғырына көтерілді. Отандасымыз бұған дейінгі әлем чемпионаттарында 2022 жылы -күміс, 2023 жыл — қола жүлдеге қол жеткізген еді.

ддд

Үшінші алтын медальді Аида Әбікеева тағынды. 63 келіде алғаш рет финалға шыққан Аида Әбікеева Таиланд өкілі Тананья Сомнуекке еш мүмкіндік қалдырмады. Қос боксшы 2024 жылғы Азия чемпионатында да жолдары түйісіп, Аида басым түскен болатын.

пп

Финалдық айқаста ғана айы оңынан тумаған 60 келідегі Виктория Графеева мен 81+ келіде бақ сынаған Елдана Талипова күміспен күптелді.

70 келіде шаршы алаңға шыққан Наталья Богданова қола жүлдені қанағат тұтты.