0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қазақстандық спортшы Денис Никиша екінші мәрте шорт-тректен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық шорттрекші мәре сызығын канадалық Стивен Дюбуадан кейін екінші болып қиды. Бұл – Денис Никишаның әлем чемпионатындағы екінші күміс медалі. Ол өткен жылы Роттердамда да екінші орынға ие болған еді.