Танымал эстрада жұлдызы, әнші Луина өзінің орыс күйеуі Артём жайлы жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тележүргізуші Дина Төлепбергеннің «Din Din Show» бағдарламасына қатысқан ол, күйеуі жайлы ел білмейтін құпиямен бөлісті.
«Исламды 16 жасында қабылдаған. Оның тіпті аты да бар, Әбубәкір. Мен алғаш рет Ораза ұстаған едім, ол да менімен бірге ұстады. Мешітке барады. Мысалы, менің орыс балам ұйықтарда мен оның бетін міндетті түрде үш рет «бісмиллә» деп сипаймын. Өзің аманатсың деп жатқызамын, туғанынан солай.
Артём ешқашан оған ренжімеді, исламда болсаң да, олай жасама деп ешқашан айтқан емес. Себебі ол баланы қорғайтын ырым екенін біледі, мені солай түсінеді», — деп түсіндірді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)