0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында №29 мектепте экологиялық сынып сағаттары өтіп, оқушылар эссе жазды.
Оған 1-ші және 11-сынып оқушылары түгел атсалысты. Ұстаздар «Қалдықтарды бөлек жинау бойынша эко-мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында балаларға қоршаған ортаны қорғап, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндірді. Ал 8 бен 9 сынып оқушылары «Экологияны жақсартуға мен қандай үлес қосып жүрмін» тақырыбында эссе жазып, бақ сынады.
Жаңылсын Болатова, 8-сынып оқушысы:
Біз осы мектепте 2 жыл бойы экологияға көмектесу барысында көптеген қақпақтар, қағаздар жинап жүрміз. Көктем күні 11-10 сыныптастар сенбілік өтеді. Яғни ол жақта біз ағаштар қойғызамыз, мектептің ауласындағы қоқыстарды жинаймыз.
Аягөз Оралбайқызы