Денвер әуежайында ұшақ өртенді

Жаңа күн

Колорадо штатының Денвер қаласындағы әуежайда American Airlines әуе компаниясының ұшағы қозғалтқышындағы ақауға байланысты өртеніп кеткен , деп хабарлайды Egemen.kz Fox News телеарнасына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жолаушылар ұшақ қанаты арқылы эвакуацияланған. Ұшақ Колорадо-Спрингс әуежайынан Даллас халықаралық әуежайына бағыт алған, бірақ мәжбүрлі түрде Денвер әуежайына қонған.

«Денвер халықаралық әуежайына (DEN) сәтті қонғаннан кейін, American Airlines компаниясының 1006-рейсінде қозғалтқыш ақауы пайда болды. Ұшақтағы 172 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі ұшақтан эвакуацияланды», делінген әуе компаниясының мәлімдемесінде.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.