"Әлем чемпионаты": Бүгін қос қазақ қызы жұдырықтасады

Жаңа күн

Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әлем чемпионатың ширек финалына 10 бұрымды боксшымыз жолдама алды.

Жолдама алған боксшыларымыздың бірі Жасмин Қизатова бүгін ширек финалда ресейлік этникалық қазақ Альбина Молдажановамен кездеседі.

Жасмин алғаш рет әлем чемпионатына қатысып тұр. Ол 1/8 финалда Париж Олимпиадасының қатысушысы, Кабо-Верде өкілі Ивануса Морейрадан айласын асырып кетті. Ал, Ресей боксшысы бұған дейін Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ол 2020 жылы Ресей ұлттық құрамасына қосылған. Түмен облысының Тобыл қаласында туған қандасымыз биыл 24 жасқа толады.

Жартылай финалдағы жекпе-жектер 18:00-де басталады.