Британиялық Blue тобының әншісі Алматыдағы концертінде әуежай қызметкерін құтқарған қазақстандыққа алғыс айтты (видео)

Жаңа күн

12 наурызда Алматыда британиялық Blue тобының концерті өтті. Концерт барысында топ мүшесі Саймон Уэбб Алматы әуежайында болған оқиға кезінде ерлік көрсеткен қазақстандыққа алғыс айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Британиялық Саймон Уэбб залда отырған Мұса Әбдірайымды орнынан тұрғызды. Видео Instagram желіcінде пайда болды.

"Мына адам бәрімізге батыр болудың қандай екенін көрсетті... Сізге көп рақмет!" – деді Саймон Уэбб залда отырған Мұса Әбдірайымды нұсқап.

Сол кезде Мұса Әбдірайым орнынан тұрып, залдағы көрермендерге амандасты.