Қар көшкіні қаупі бар 619 учаске анықталды

Жаңа күн

Қыс пен көктемнің басы қар көшкінінен қауіп төнетін кезең болып есептеледі, деп жазады Egemen.kz.

Сондықтан Төтенше жағдайлар министрлігі республика аумағында қар көшкіні болуы ықтимал 619 учаскені анықтады. Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы мен Қаратау жоталарының беткейлерінде орналасқан.

2024-2025 жылдардағы қар көшкіні қаупі бар кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі 11 364 м3 болатын 32 қар көшкіні тіркелген.

Мамандар халықтың, туристер мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 80 рет қар көшкінін қолдан түсірген.

ТЖМ қар көшкіні қаупі жарияланған бұл кезеңде тұрғындарды тауға шығудан бас тартуға шақырады.