Гренландияның ешбір мемлекетке сатылмайтыны туралы нақты айтылды

Жаңа күн

Гренландияда өткен парламенттік сайлауда оңшыл оппозиция — Демократтар партиясы жеңіске жетті .

Олар сайлаушылардың 30 пайыз дауысын жинаған. Ал жергілікті Naleraq партиясы 25 пайыз дауыспен екінші орынға жайғасты. Бұл қос партия Гренландияны Даниядан бөліп, тәуелсіздік алуды көздейді. Ал үшінші орында 20% дауыспен "Халық қауымдастығы" басқарушы партиясы тұр. Еске салайын, Ақ үй басшысы Дональд Трамп 24 қаңтарда аралды АҚШ-қа қосу туралы ұсыныс айтып, мәлімдеме жасаған еді. Бірақ Гренландия Премьері аралдың сатылмайтынын кесіп айтты. Тұрғындардың 85%-ы АҚШ-қа қосылуға наразы.