Түнде рұқсат етілген жылдамдық 66 шақ/сағ болатыны қаншалық рас?

Жаңа күн

Әлеуметтік желіде жолда жүру жылдамдығына қатысты фейк тарап жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Желіде "сағат 00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 шақ/сағ болатыны" жөнінде ақпарат тарап жатыр.

ІІМ пікірі

ІІМ пікірінше, тарап жатқан хабарлама — фейк.

"Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл көліктер үшін рұқсат етілген стандарт жылдамдық — 60 шақ/сағат. Камералар жылдамдықты 70 шақ/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды. Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол ережелерін сақтап, мұқият болыңыздар!" — деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget