Қонаев қаласында қоғамдық орындарды ластағандарға ₸1,6 млн айыппұл салынды

Жаңа күн

Қонаев қаласының учаскелік инспекторлары 1 наурыздан бері қоғамдық орындарды ластаған азаматтарға жалпы 1,6 миллион теңге айыппұл салды, деп хабарлайды 24kz.

Қалада 109 бірыңғай байланыс нөмірі іске қосылып, жұмыс істеп тұр. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы бері оған 33 мыңнан астам адам қатысты. Өткен жылы 2750 түп ағаш көшеті егіліп, көше бойы мен көл жағалауындағы демалыс орындарынан 3200 тонна қоқыс шығарылды. Қалада күн сайын сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ жер үйлер мен жағажайларға жақын орналасқан 8 гектарға жуық аумақтың қамысы орылды.

Дәулетияр Даниярұлы, учаскелік инспектор:

- Ол бойынша біздің атқарылып жатқан жұмыстар 434-баптың 2-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылықтар. Сол бойынша 39 хаттама толтырылды. 700 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Ал 505-баптың 1-бөлігі бойынша 92 хаттама толтырылды. 900 мыңға жуық айыппұл салынды.

Жеңіс Төребеков, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Сонымен бірге биылғы жылы Алматы облысында «Таза life» экоакциясы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 20 наурыздан 21 сәуір аралығында жүзеге асырылады. Осыған дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол кезде ағаш егу, арықтарды тазалау жұмыстары іске асатын болады.