Сәуірдің 1-інен бастап Павлодардың әуежайы қызметін жеті айға уақытша тоқтатады .
Бұған әуе айлағын кең ауқымды жаңғыртудан өткізу себеп болған. Онсыз 2026 жылы әуежай ұшуға жарамдылық және рейстерді қабылдау сертификатын ала алмайды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары екі кезеңде өтеді. Бірінші ұшу-қону жолағы жаңартылады. Бұл әуежайға ірі көлемді әрі ауыр ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Екінші кезең әуежайдың ғимаратын қамтиды. Онда келу және кету аймағын екіге бөлу көзделген. Сондай-ақ күту аймағы кеңейтіледі. Павлодарға қатынайтын әуе рейстеріне билет сату тоқтатылды.