Отандық бидай ұны АҚШ нарығына жол тартты. Нью-Йоркке Eurasian Legacy брендімен алғашқы 50 тонна өнім жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
«Бұл – ұлттық тауарларды АҚШ-та ілгерілетудің алғашқы ірі қадамы. Алдағы уақытта ай сайынғы жеткізілім көлемін 100 тоннадан асырмақ ойымыз бар», деді Сауда саясатын дамыту орталығы.
Ұн Amazon мен Walmart сайттарына орналастырылды. Amazon-да 1,36 келілік қаптамасы 14,50 долларға сатылып жатыр. Қаптаманың үстінде «Product of Kazakhstan» деген белгі көзге түседі.
Сондай-ақ өнімді мейрамханаларға, кофеханаларға және жергілікті тамақтану орындарына жеткізу туралы келіссөздер жүріп жатыр.
Бұған дейін Шығыс Қазақстаннан шыққан бал да Еуропа нарығына жол тартқан еді.