Ақтауда қайықтар соқтығысып, екі адам зардап шекті

Жаңа күн

Оқиға "Меловой" шамшырағына қарама-қарсы ірі айлақ маңында болды. Жағдай туралы мәліметті "Бриз" яхт-клубының әкімшілігі бөлісті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Яхт-клубының мәліметіне сәйкес, апат 12 қыркүйекте кешкі сағат 19:30 шамасында болған. Екі моторлы қайық соқтығысқан кезде екі адам зардап шекті, олардың ішінде кәмелетке толмаған бала бар. Зардап шеккендерді жедел жәрдем алып кетті, ал оқиға орнына полиция келді.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа бір қайықтың капитаны кінәлі болуы мүмкін. Яхт-клубы әкімшілігінің айтуынша, бір қайықтың оң жақ бортында зақым пайда болған. Халықаралық теңіздегі кемелердің соқтығысуын болдырмау ережелеріне сәйкес (МППСС-72), қарсы бағыттағы кемелер сол жақ борттарын қолдана отырып жол беруге тиіс.

Яхт-клубының әкімшілігінің мәліметінше, бір қайық ереже бойынша оңға бұрылған, ал екіншісі солға бұрылып, соқтығысуға әкелген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget