«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

Жаңа күн

«Қайраттың» УЕФА Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталады.

УЕФА чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі Монакода өтті.

Негізгі кезеңде қазақстандық клуб сегіз матч өткізеді: төртеуі – өз алаңында, төртеуі – сырт алаңда. Алматыда оның қарсыластары испаниялық «Реал», бельгиялық «Брюгге», грекиялық «Олимпиакосы» және кипрлік «Пафос» болмақ. Ал сырт алаңда «Қайрат» италиялық «Интерге», ағылшындық «Арсеналға», португалиялық «Спортингке» және даниялық «Копенгагенге» қарсы ойнайды. Сонымен «Қайраттың» алдағы чемпиондар лигасында кездесетін командалары:

«Қайрат» — «Реал»

«Интер» — «Қайрат»

«Арсенал» — «Қайрат»

«Қайрат» — «Брюгге»

«Спортинг» — «Қайрат»

«Қайрат» — «Олимпиакос»

«Копенгаген» — «Қайрат»

«Қайрат» — «Пафос».