Адам өміріне араша түсер мамандар қалай жұмыс істейді?

Жаңа күн

Олар ажалға араша түседі. Дабыл қағылған уақытта дереу көмекке ұмтылады. Лапылдаған оттан да, мұздай судан да, түрлі апаттардан да қаймықпайтын құтқарушылардың әр күні қатерге толы. Ал жанына батқан аурудан жан ұшырып жеткен жанның алдынан алдымен медицина қызметкерлері шығады. Қандай жағдай болса да, сабырлық сақтау маңызды. Себебі адам денсаулығына байланысты шешім қабылдар кезде асығыстық жасауға болмайтынын апаттар медицинасы мамандары жақсы түсінеді. Олар нағыз еңбек адамдары.