Трамп: Украинада бейбітшілік орнамаса, Вашингтон тактикасын өзгертеді

Жаңа күн

Украинадағы ахуалдың әрі қарай қалай өрбитіні екі аптада белгілі болады . Президент Дональд Трамп америкалық телеарналардың біріне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, егер Украинада бейбітшілік орнамаса, Вашингтон мәселеге қатысты тактикасын өзгертеді. Осыған дейін Америка басшысы Украина-Ресей келіссөздеріне біраз уақыт араласпайтыны туралы ақпарат тараған.

The Guardian басылымының дерегі бойынша президент Трамп Путин мен Зеленский алдымен екеуара кездесуі тиіс деп санайды. Тек осы кездесуден кейін ғана келіссөздерге қайта араласпақ екен. Украина басшысы Путинмен Австрия, Швейцария немесе Түркия аумағында кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ Ресей президенті бұған қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.