Астанада прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен веломарафон өтті. Жарыс Конституцияның 30 жылдығына арналды. Республикалық велошеруге елдің түкпір-түкпірінен келген 25 жастан асқан 40 прокурор қатысты. Марафон дистанциясы 10 шақырым деп белгіленді. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға медальдар мен кубоктар табысталды.
Еламан Есқали, ШҚО прокуратурасының қызметкері:
Жасым 26-да. Марафонға бір айдай дайындалдым. Негізі жеңіл атлетикамен айналысып тұрамын. Енді велоспортта сынап көрем.
Данияр Қайыртай