Әлем чемпионаты: бүгін жұдырықтасатын боксшы қыздар белгілі болды

Жаңа күн

Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбіреді, деп хабарлайды 24kz.

Байрақты бәсекеге елден 12 былғары қолғап шебері аттанған болатын. Жайна Шекербекова жекпе-жексіз келесі айналымға өтті.

Ал Анита Адишева жарыс жолын аяқтады. Иә, Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Жерлестерімізден 2 былғары қолғап шебері рингке көтерілді. 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Жайна Шекербек қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты жекпе-жексіз жеңіске жетті. Енді келесі айналымда ол мексикалық Джинетте Ариадна Гил Алонсомен жұдырықтасады. Ал Анита болса, мексикалық Патино Хуаресбен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, 9 наурызда ел құрамасынан Алуа Балқыбекова мен Елдана Талипова қарсыластарын тізе бүктірген болатын. Ал бүгін күндізгі жарыс жолына Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева және Аида Әбікеева шығады. Кешкі уақытта Жайна Шекербекова, Жасмин Қизатова, Гульсая Ержан өнер көрсетеді. Әлем чемпионатының іріктеу айналымы 9-13 наурыз аралығында өтсе, жартылай финал 14-і белгіленген. Ал финал 16 наурызда өтеді.