35 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті үлестіріледі

Жаңа күн

"Рамазан сыйы" қайырымдылық марафоны басталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша 3500 отбасына азық-түлік себетін таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша "35 мың азық-түлік себетін тарату" акциясын қолға алдық. Игі жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі", — деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Діни басқарманың 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында 3500 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері таратылды.

Айта кетейік, қайырымдылық марафоны жыл соңына дейін жалғасып, барлығы 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу жоспарланған. Игі іс-шараға еліміз бойынша мешіт имамдары, "Зекет және қайырымдылық" қорының қызметкерлері мен еріктілері, демеуші азаматтар атсалысты.