АҚШ билігі заңсыз мигранттарды уақытша орналастыру үшін жаңа нысандарды бекітті.
Енді олар Нью-Джерси мен Индиана штаттарындағы әскери базаларда тұрады. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, мигранттардың бұл аумақтарда болуы әскери даярлық пен операцияларға кедергі келтірмейді. Алайда бұл шешім Демократиялық партия өкілдерінің сынына ұшырады. Олардың пікірінше, әскери инфрақұрылымды өзге мақсатта пайдалану дұрыс емес. Бұған дейін Флорида штатында заңсыз мигранттарға арналған лагерь ашылған болатын. Ол ұлттық саябақ аумағында қолтырауындар мекендейтін батпақты жерде орналасқан.