“Зейнетақы жинағын алып беремін“. Абай облысында алаяқтық схемасы әшкереленді

Жаңа күн

Абай облысында алаяқтық схемасы әшкереледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысының 32 жастағы тұрғыны алаяқтыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Ол азаматтарға жеңіл жолмен ірі көлемде несие рәсімдеуге, сондай-ақ, зейнетақы жинағын алуға көмектесемін деп уәде берген.

"Алайда бұл қызметі үшін азын-аулақ сыйақы талап етіп отырған. Тергеу барысында полицейлер 9 түрлі эпизодты біріктіріп, бір ғана қылмыстық іс қозғады. Келтірілген шығын көлемі шамамен 12 миллион теңгеге жетті. Күдікті азаматтардың сенімін пайдаланған. Көпшіліктің қаржысын иемденген әйел артынша байланысын үзіп отырған. Күдікті қамауға алынды", — деп жазылған хабарламада.

Полиция азаматтарды заңсыз әрекеттерден сақ болуға шақырды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget