АҚШ Украинаға көбірек қару-жарақ жібереді .
Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді. Ол Украинаға Ресей тарапынан аяусыз шабуыл жасалып жатқанын айтқан.
Дональд Трамп, АҚШ Президенті:
"Біз Украинаға көбірек қару-жарақ жібереміз. Осылай істеуіміз керек. Олар өзін қорғай алуы қажет. Қазір Украинаға қатты шабуыл жасалып жатыр. Негізінен қорғанатын қару жібереміз".