Ресейдің ғарыш жүк кемесі жанып кетті

Жаңа күн

Ресейдің «Прогресс МС-29» жүк кемесі Жер орбитасынан шығып, атмосферада жанып кетті .

Кеменің қалдығы Тынық мұхитындағы кемелер қатынамайтын аймаққа құлаған. Айта кетейік, "Прогресс" ғарыш кемесі былтыр қарашада ұшырылып, орбитадағы станцияға шамамен 2,5 тонна жүк жеткізді. Оның ішінде су, азық-түлік пен ғылыми жабдықтар болды. 1 шілдеде «Прогресс МС-29» станциямен байланысын үзіп, өз сапарын ресми түрде аяқтады. Оның орнын жаңа «Прогресс МС-31» ғарыш кемесі алмастырмақ. Жаңа жүк кемесі ертең ұшырылады деп жоспарланып отыр.