Маңғыстауда ауылдық елді мекендер 93 пайыз жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылған .
Тек Жарма, Сазды, Басқұдық және Аққұдық елді мекендерінде интернет жоқ, 2G байланысы ғана бар. Аталған ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету үшін «Қолжетімді Интернет» Ұлттық жобасы аясында талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізілмек. Сонымен қатар аймақта республикалық маңызды автожолдарға 13 қондырғы қойылып, жоғары жылдамдықты интернетпен байланыс орнату көзделген.
Әйгерім Аталықова, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы:
Қазіргі уақытта 5 антена діңгектің ЖСҚ-сы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алып отыр. Бұл Бейнеу ауданы және Мұнайлы ауданы. Республиканский автожолдардың бойында 13 антенна діңгекті құрылыс салынғаннан кейін, жоғары жылдамдықпен, байланыспен қамтамасыз етілетін болады.
Аягөз Оралбайқызы