Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбаевтың жеке мұрағаты Президент Архивіне тапсырылды. Салтанатты шарада жазушының отбасы мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткерлері құттықтау лебіздерін білдіріп, Әбіш Кекілбайұлының рухани-мәдени мұрасының ел тарихындағы орнын атап өтті. Құжаттарды тапсыру туралы келісімшартқа қол қойылып, көпшілік назарына жазушының құнды құжаттары, жеке хаттары, Парламент пен Үкіметтегі баяндамалары , сирек фотосуреттері, жеке заттары мен тарихи бейнежазбалары ұсынылды. Жалпы, архивке 22 мыңнан астам парақтан тұратын 300-ден астам құжат жинағы берілді.
Абыл Кекілбаев, Ә.Кекілбаевтың немересі:
Осы құжаттарды реттеу және рәсімдеу жұмыстары 2 жылдан астам уақыт алды. Тәуелсіздік алған кезде жазылған, сөйлеген сөздері мен баспада басылған мақалалардың түпнұсқалары да осы жерде сақтаулы. Атамыздың 99-жылдан бастап әлі көз көрмеген, ешқайда жарияланбаған өлең кітаптарын тапқанбыз. Ол өлең кітабы былтыр 85 жылдығына табысталған.
Динара Жарқынбек