Маңғыстауда блогерлер заңсыз лотерея ойнатқан. Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпарынша, Ақтауда 850 мың оқырманы бар ерлі-зайыпты онлайн-лотереядан 162 млн тг тапқан . Күдіктілер лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, пәтер мен көлік секілді бағалы жүлделерді ұтысқа қойған. Тергеу барысында 1800-ден астам адам қатысқаны анықталды. Олар билетті 500-тг ден бастап 50 мың тг дейін сатып алып отырған. Қылмысы әшкереленген блогерлердің мүлкі мен банк шоттарына бүгінде тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Динара Жарқынбек