Д.Трамп: Иранмен келісімге келуге тым кеш

Жаңа күн

АҚШ билігі Иран бойынша әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы президент Дональд Трамп Ақ үйде өткізген жиналыс барысында мәлімдеді.

Ол Иран билігінің кездескісі келетінін жеткізген. Сондай-ақ Трамп Израиль парсы елінің ядролық нысандарын істен шығаруға бағытталған шабуылдарды жақсы ұйымдастырып жатқанын айтты.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Бізде барлық сценарий бойынша жоспар бар. Оқиғалардың қалай өрбитініне қарап отырмыз. Иран келісімге келеміз деп Ақ үйде кездесуге сұранып отыр. Бірақ тым кеш. Мұны баяғыда жасауы керек еді. Иранмен 60 күн бойы сөйлестік қой. Мен әлі соңғы сәтте шешім қабылдай салуым әбден мүмкін. Көптеген нәрселер соғыс арқылы шешіледі.