"60 миллион төлей алмаймын, төлейтін үйім де жоқ" - Шерзат ісінде сотталған Шынасыл Абзалдың анасы

Жаңа күн

Атышулы Шерзат ісінде сотталған Шынасыл Абзалдың анасы Ақбота Есбергенова соттан кейінгі жағдайымен бөлісті

Бұл туралы ол «El Дауысы» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жағдай өте қиын, балама көп жыл берді. Мен оған келіспеймін. Өз ісін мойындады. Сонымен жазалағанда болар еді. Істегенімді айттым деді, болды. Өкінішті, қиын болды. Сол жақта жұмыс жасап, ақшалай болса да өтесе. 60 миллион төлей алмаймыз, төлейтін үйім де жоқ, жағдайым да жоқ. 2 ай шапқылап өзіміз де қиналып кеттік», — деді Шынасыл Абзалдың анасы.