Полиция қызметкерлері Marvel кейіпкерлерінің костюмін киген той кортежінің өкілдерін тоқтатты. Тексеру барысында олардың жол жүру ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Атап айтқанда, 11 адам қауіпсіздік белдігін тақпаған, үш көлікте мемлекеттік нөмір талаптары бұзылған, сондай-ақ жол қиылыстарынан өту тәртібі сақталмаған және пайдалануға тыйым салынған техникалық ақаулары бар көлікпен жүрген. Барлығына да әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полиция костюм кию мен мерекелік шеру жолда тәртіпке бағынбауға себеп бола алмайтынын ескертеді.
Ардақ Мұратқызы