Елде шегірткемен күрес қарқын алды. Бүгінде егіс алқабының 90%-і химиялық өңдеуден өтті. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен республикалық штаб отырысында айтылды.
Түркістан және Жамбыл облыстарында марокколық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды. 15 өңірде италиялық прусқа және 8 өңірде азиялық шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасып жатыр. Қытай мен Қырғызстаннан төнер қауіп жоқ. Алайда Ресей және Өзбекстанмен шекаралас аймақтарды тексеру күшейтілді. Ошақтары әзірге анықталған жоқ.