АҚШ-та Тағы 36 елдің азаматтарына кіруге тыйым салынуы мүмкін

Жаңа күн

АҚШ тағы 36 елдің азаматтарына кіруге тыйым салуы мүмкін. Осылайша АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігі саяхатқа шектеулерді айтарлықтай күшейтіп жатыр. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлады. Еске салайық, Дональд Трамп бұған дейін 12 елге кіруге тыйым салатын бұйрыққа қол қойды. «Бұл қадам АҚШ-ты «шетелдік лаңкестер» мен ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін басқа да қауіптерден қорғау үшін қажет»,-деп мәлімдеген болатын.

Самал Қабышева