Германия билігі Израильге қатысты бар барлық мекемеде қауіпсіздік шараларын күшейтті. Оған Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы себеп. Неміс канцлері Фридрих Мерц Ирандағы әскери операция жайлы Израиль премьер-министрінің өз аузынан естігенін айтады. Канцлер Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын қолдайтынын жеткізген . Десе де аймақтағы ахуалдың шиеленісуіне жол бермеуге шақырған.
Қолда бар мәлімет бойынша қазір Израильде шамамен 3,5 мың неміс азаматы бар. Тағы мыңы Ливанда, жүздегені Иран, Ирак пен Иорданияда жүр.