НАТО қорғаныс саласына $1,5 трлн жұмсады

Жаңа күн

Қауіпсіздік тек әскер санымен емес, оны цифландыру бағытындағы жетістіктерімен өлшенетін заман туды, дейді әскери сарапшылар.

Алайда әлем елдері бұл бағытта бәрі бірдей дамып жатқан жоқ. Қорғаныс саласында цифрландырудан кенжелеп қалған елдер жетерлік.

Еуроодақ елдеріне әскери қолдауды бұған дейін АҚШ көрсетіп келді. Бірақ Президент Дональд Трамп билікке келгелі мұндай көмектің келешегі бұлыңғырланды. Қарт құрлық алдына аймақ қауіпсіздігін өз күштерімен қамтамасыз ету мәселесі шықты. Бұған себеп көп. Соның бірі Еуроодақ елдерінің әскери саланы цифрландыруға баса назар аудармағандығынан. Мәселен, былтыр НАТО елдері қорғанысқа 1,5 трлн доллар бөлді. Оның басым бөлігі жалақы мен зейнетақыға, техниканы күтіп ұстауға және жаңа қару жарақ сатып алуға бағыттады. Ал жаңа технологиялар мен цифрландыруға бар болғаны 4 пайыз бөлген. Сарапшылар: Еуропа өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін қомақты қаржыны киберқауіпсіздікке, дрондар өндірісі мен жасанды интеллектіні дамытуға бағыттауы тиіс, дейді.

Әскерді цифрландыруда кенже қалған елдер

Әлемде әскерді цифрландыруда Орталық Африка елдері, Сомали, Йемен және Ауғанстан кенже қалып отыр. Мұны жаһандық әскери күш рейтингісінде көрсетілген деректер көрсетіп отыр. Сарапшылар бұған осы елдердің қарулы қақтығыстардан көз ашпауы және тұрақты биліктің жоқтығы себеп, дейді. Мәселен, әлемдегі ең кедей елдің бірі — Сомалиде 34 жылдан бері уақытша үкімет жұмыс істеп келеді. Салдарынан Мұнда IT және киберқауіпсіздік мамандарын даярлайтын университеттер мен әскери академиялар жоқ. Ал қарулы күштері АҚШ, Түркия және басқа да елдердің қолдауымен құрылған.

Малайзияда әскерді цифрландыру ақсап тұр

Экономикалық тұрғыдан дамыған болғанымен әскерді цифрландыру бағытында кенжелеп қалған елдің қатарында Малайзия бар. Шығыс Азиядағы қуатты ел әскери күш рейтингісінде 145 мемлекеттің ішінде 42 орында. Десе де, бұл оның нақты әскери әлеуетін көрсетпейді дейді сарапшылар. Әсіресе әскерді цифрландыру бағытында кемшілік көп деп санайды. Мәселен, былтыр өз қауіпсіздігіне 4,1 млрд доллар бөлгенімен қомақты қаржының жартысын әскери қызметкерлердің жалақасы мен үстемақысын төлеуге жұмсаған. Ал жасанды интеллект, дрондар, киберқауіпсіздік пен деректерді талдау құралдарын дамытуға бағытталған жүйелі саясат қалыптаспаған.

Зайнұр Байжігіт