Қалқанша безінің қатерлі ісігі Азия елдерінде ең көп таралған

Жаңа күн

Жыл сайын әлемде қалқанша безі қатерлі ісігіне шалдыққан 300 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Бұл онкологияның ең кең таралған 10 ауру түріне жатады. Ол балаларда да, егде адамдарда да пайда болуы мүмкін. Бірақ әйелдер ерлерге қарағанда 4 есе жиі ауырады.

Ғаламдық онкологиялық обсерваторияның 2022 жылғы мәліметі бойынша, қалқанша безінің қатерлі ісігі Азия елдерінде ең көп таралған. «Кіші құрлықта» 600 мың науқас анықталды. Бұл әлемдік көрсеткіштің 72%-і. Екінші орындағы Еуропада ауруға шалдығу деңгейі 9,6%. Одан кейін Латын Америкасы мен Солтүстік Америка тұр. Олардың көрсеткіші бірдей. Африка мен Мұхит маңы елдеріндегі көрсеткіш анағұрлым төмен. Зерттеушілер қатерлі ісіктің сыртқы белгілерін анықтаудың қиын екендігін алға тартады. Қалқанша безі рагы бастапқы деңгейінде мүлде білінбей дамиды екен. Оны ерте анықтауға қазіргі медицина әлі де қауқарсыз. Кейін анықталған кезде емдеу күрделі және тиімсіз үрдіске айналады. 80% жағдайда ауру әбден асқынып кеткен болады. Сонда да дәрігерлер адамдарға тұрақты түрде тыңғылықты медициналық тексерістен өтіп тұруды ұсынады.