Қазақстанда көлік нөмірлеріндегі 100 комбинацияға тыйым салынған

Жаңа күн

Қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге деген сұранысына қарамастан, елде жазылуы немесе айтылуы "сөйлеу мәдениетіне жат" деп танылған әріптік тіркестердің ресми тыйым салынған тізімі бар, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, биылғы наурыз бойынша Қазақстанда мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде (МТНБ) пайдалануға рұқсат етілмейтін 106 әріптік тіркес бар.

Ведомство мәліметі бойынша, қазіргі уақытта бұл тізім өзгеріссіз қалған.

Қазақстанда қандай нөмірлерге тыйым салынған

Тыйым салынған тіркестер: AAM, BOK, CEX, FBP, HER, KAL, KOT, MAL, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK, GEY, GEI, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, GOS, IIN, QAS, OON, XUI, QR, HUY, ISK, HYI, QYS, XUY, JUN, XER, BOQ, QUL, SIK, QAN, SYK, JUT, QOR, QYQ, QOI, TYQ, JOI, JMI, JYN, GAI, IBU, VOR, EBU, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, IOX, IOH, LOX, LOH, COX, KOX, FBR, POX, KNB, MVD, OPG, EBR, AMM, SGL, ASS, HAX, NAX, AM, IB, KZ, PK, QU, KP, UD, WX, TG, NS, CS, PV, AK, WK, JO, AQ, AO, RK, NN, BS, ST, BA, AW, AP, AE, AX.

2023 жылы ІІМ кейбір әріптік комбинацияларға тыйым салу себептерін түсіндірген болатын.

Онда бұл шешімге 2018 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту комитеті жүргізген тілдік сараптама негіз болғаны айтылған.

"Сараптамаға сәйкес, оқылуы мен айтылуы сөйлеу мәдениетіне жат келетін Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына арналған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің кейбір сериялары тіркеу аясынан шығарылды", – делінген жауапта.

Қазақстандықтар басқа кез келген комбинацияны таңдай алады

Бұған дейін жүргізушілерге көлік нөмірі үшін сандар мен әріптердің кез келген комбинациясын өз бетінше таңдауға рұқсат беру жоспарланып жатқаны айтылған еді. Жаңа Салық кодексінің жобасында мұндай жеке таңбалар үшін мемлекеттік баж салығын енгізу қарастырылған.

Еске салайық, сұранысқа ие нөмірлердің бағасы 224 124 теңгеден 1 120 620 теңгеге дейін өзгереді. Ең қымбат нөмірлер қатарына 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 бірдей әріптік белгілері кірген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget