Ямальдің бағасы €200 млн

Жаңа күн

«Барселонаның» 17 жастағы вундеркинді әлемдегі ең қымбат футболшы атанды. Трансфермаркт порталының мәліметінше, Испания құрамасының ойыншысы Ламин Ямальдің трансферлік құны 200 миллион еуроға бағаланған. Екінші орынды 180 миллион еуромен үш ойыншы бөлісті. Олар «Реалдық» Джуд Беллингем, « Манчестер Сити» сапынан Эрлинг Холанд және «Реал» клубының өкілі Килиан Мбаппе.

Асылбек Данияр