Еуропада коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Жаңа күн

Еуропада коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр. Эпидемиологтар: «Алдағы екі айда науқастар саны артуы мүмкін», – деп алаңдаулы. Жаңа штамға «нимбус» деген атау берілді.

Ол маусымдық тұмауға қарағанда жазда да адамдар арасында кеңінен тарала береді. Германияда коронавирустың жаңа штамы 3 ай бұрын тіркелді. Мамырда осы елдегі науқастардың 16%-інде «нимбус» анықталған.