Абай облысының прокуратурасы 42 мың гектар пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекетке қайтарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысының прокуратурасы мәлімтінше, тексеру барысында бірқатар жерпайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойыны саналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталған.
"Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың гектар және кадастрлық құны 516 миллион теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды", — делінген хабарламада.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқаны айтылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!