Президент Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесіп, Қарулы Күштердің даму бағыттарын айқындады. Басым міндеттер ретінде басқару құрылымын жетілдіру, резерв қалыптастыру, арнайы операциялар мен аумақтық қорғаныс күштерін дамыту белгіленді. Сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллект енгізілуі тиіс. Жиында әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру мәселесі де, көтерілді. Президент сарбаздың өмірі мен денсаулығын сақтауға барлық деңгейдегі басшылықтың жауапты екенін айтты.
Шерхан Жамбылұлы