Ресей мен Украина тұтқын алмасты

Жаңа күн

Тұтқын алмасу 2 маусымда Ыстамбұлдағы келісімнің аясында жүзеге асып отыр.

Үйлеріне 25 жасқа толмағандар мен жарақат алған жауынгерлер қайтарылды. Ақпаратты екі жақ растады. Бірақ қос тарап та нақты санын жариялаған жоқ. Алдағы уақытта Киев пен Мәскеу тағы да тұтқын алмаспақ. Айта кетейік, Ыстамбұлдағы соңғы келіссөз кезінде тараптар 6 мыңға 6 мың формуласы бойынша қайтыс болған жауынгерлердің денесін қайтаруға келіскен болатын.