Алматы мен Шаньдун провинциясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жаңа күн

2024 жылы Алматы қаласына Қытайдан 99 мыңнан астам турист келді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан – Қытай" туризм жылы аясында Алматыда Шаньдун провинциясының туристік ұйымдарымен меморандумға қол қойылды. Мақсаты — бірлескен туристік өнімдерді әзірлеу, Қытайдан келетін туристік ағынның өсуі және Алматының инфрақұрылымын кеңейту.

Меморандум Алматының халықаралық туристік орталық ретіндегі ұстанымын нығайтады және Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашады.