«Елге қызмет» бағдарламасы Абай облысында. Бүгінгі бағдарлама кейіпкері — Темірлан Зулхаров. Ол мемлекеттік қызметте бір жыл ғана уақыт болса да үлкен жауапкершілік танытып, өзінің кәсіби біліктілігін көрсете білген азамат. Темірлан Зұлхаров — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы. Бүгінде 3000-нан астам мемлекеттік қызметші жұмыс істейтін Абай өңірінде кадр саясатын жетілдіру, кәсіби біліктілікті арттыру бағытында белсенді еңбек етуде.