Қазақстанда жаңа құрметті атақтар алғаш рет табысталды

Жаңа күн

Мемлекеттік марапаттар жүйесіне жаңадан тоғыз құрметті атақ енгізілді.

Президент әр салада табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектермен кездесуде жаңа марапаттардың екеуін алғаш рет табыстады. Еңбек ардагері Ольга Шелудькоға «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» атағы берілді. Ал өндіріс озаты Майра Ерманова «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» атанды. Осындай нағыз еңбек адамдарына бүкіл ел болып құрмет көрсетіп, оларды жан-жақты дәріптеуіміз керек, деді мемлекет басшысы.