Түркияда жер сілкініп, салдарынан бір қыз көз жұмып, 69 адам зардап шекті (видео)

Жаңа күн

Бүгін түнде Түркияның оңтүстігінде жер сілкініп, салдарынан бір қыз көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның Түркия ішкі істер министріне сілтеме жасап жазуынша, жер сілкінісі Астана уақытымен 05:17-де Түркияның Мармарис курортының маңында болған.

Жер сілкінісінің ошағы 67 шақырым тереңдікте орналасқан.

Түркия ішкі істер министрі Али Ерликаяның мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 14 жастағы қыз үрейден көз жұмған.

Оның айтуынша, жерасты дүмпулері Мугла провинциясы мен басқа да аймақтарда сезілген. Төтенше жағдай кезінде ғимараттар басқа да нысандар қирамаған. Алайда зардап шеккендер бар.

"69 адам зардап шекті. Олар қорқыныштан биіктен секірген, қазір зардап шеккендердің 46-ы ауруханада жатыр", — дейді Али Ерликая.