Елде 2 млн астам кәсіпкер бар. Оның дені шағын және орта бизнес өкілдері. Былтыр бұл салада 68 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, қызмет көрсетілді. Ал өнімділік көлемі өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға өсті. Биылғы Бурабай баурайында өткен құрылтайда қазақ басшысы бизнесті одан әі ілгерілетіп, қолдау биліктің басты міндетінің бірі екенін айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаев, саланы ілгерілету үшін салық саясатын қолайлы етіп, қаржылық қолдау қарқынын арттыруды тапсырған еді. Президент пәрмені қалай орындалуда? Бағдарлама ұжымы бағамдап көрді.