«Хабар» агенттігінің балаларға тартуы. 250-ден аса астаналық жас өрен мереке күні «Лило мен Стич» мультфильмін тамашалады, деп хабарлайды 24kz.
Қиял-ғажайыпқа толы Disney студиясының туындысы кішкентай көрермендерді ертегі әлеміне жетелегендей әсер қалдырды. Шығарма Гавай аралында тұратын кішкентай қыз бен оның отбасының басынан өткерген түрлі оқиғалары баяндалады.
Блиц 1:
- Мультфильм өте қызықты болды. «Хабар» арнасына рақмет! Кейбір кезде жыладық, күлдік. Көп нәрсе болды.
Блиц 2:
- Фильм күшті болды, басында кішкене біртүрлі болды. Әртүрлі эмоция шығардық.