Түркия Ресей мен Украинаның бітімге келуге нақты мүмкіндігі бар деп санайды.
Сондықтан 2 маусымда Ыстамбұлда өтетін келіссөзге үлкен үміт артып отыр. Мұны елдің Сыртқы істер министрі Хакан Фидан украиналық әріптесі Андрей Сибигамен кездесуінде мәлім етті.
Хакан Фидан, Түркия сыртқы істер министрі:
- Біз шешуші кезеңге келдік. Алда екі таңдау тұр. Не осы шиеленістің жалғасуына көз жұма қараймыз немесе биыл бейбітшілікке қол жеткіземіз. 16 мамырдағы Ыстамбұлдағы келіссөз бейбітшілік орнатуға бағытталған алғашқы қадам жасауға мүмкіндік берді. 2 маусымдағы келіссөз нақты нәтижемен аяқталуы мүмкін.